Біртанов: Келесі жылы барлық өңірде дәрі бағасы бірдей болады

47

0

Біртанов: Келесі жылы барлық өңірде дәрі бағасы бірдей болады Келер жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірінде дәрі-дәрмектер бағасын біркелкі ету жоспарлануда.  ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, бүгінде арнайы заң жобасы даярланып жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі кезде біз тек мемлекеттің ақшасына сатып алынатын дәрі-дәрмектердің бағасын реттей аламыз. Бұған дейін жекеменшік дәріxаналардың баға саясатына араласуға құқығымыз болған жоқ. Енді, арнайы заң жобасын даярладық. Бүгінде аталған құжаттың тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз. Алдағы уақытта оны қоғамдық талқылауға шығарамыз. Күзде заң жобасын Парламентке енгізуіміз керек», – деді Біртанов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.
Министрдің сөзіне қарағанда, заң қабылданғаннан кейін шамамен келесі жылы дәрі-дәрмектердің шекті бағасы бекітілетін болады. «Сол кезде Қазақстанның барлық аймақтарында дәрілердің бағасы бірдей болады», – деп атап көрсетті министр.    
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз