«Біртіндеп емханалардағы кезектер қысқара бастайды. Оған қажетті инфрақұрылымды құру қажет»

46

0

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз мәслихаты барысында Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова «ауруханалардағы кезекті азайту үшін арнайы регламент қабылданды» деп мәлімдеді.  «Әрбір өңірде дәрілік ақпараттандыру орталықтары жұмыс істеп жатыр. Бүгінгі күні ол халық арасында кеңінен белгілі, көпшілік 20 мың рет орталықтарға жүгінген. Орталықтар дәрілік сауаттылық жөнінде, дәрі-дәрмекті қайдан сатып алуға болатыны жайында және өзге де сұрақтарға қатысты кеңес береді», – деді С.Қайырбекова. Оның айтуынша, амбулаторлық түрде дәрілік заттарды халықтың 59 бен 79 жас аралығындағы халық тұтынады. Ал емханалардағы ұзын-сонар кезектер мәселесіне қатысты арнайы жұмыстар жүргізіліп жаттқанын да назардан тыс қалдырмады ол. «Бұған қатысты бүгінгі күні арнайы регламент бар. Халықтың орналасу тығыздығы, емханаларға бару жиілігі білгілі бір регистраторға тіркелген. Шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген науқастың жоспар бойынша қаралуға келген азаматтармен бір кезекте отыруына жол берілмеуі тиіс», – дейді министр.
Біртіндеп емханалардағы кезектер қысқара бастайды. Оған қажетті инфрақұрылымды құру қажет. Сондықтан «350 емхана мен СВА» жобасы аясында бұл іс жүргізіліп жатыр», – дейді сала басшысы. Атап өту керек, денсаулық сақтау саласын жан-жақты дамыту Президенттің «Қазақстан 2050» стратегиясында ерекше маңыз берілген. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз