
Аталмыш шараға облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ә.Шаймағамбетовтың төрағалығымен өткен кездесуге облыс прокурорының көмекшісі, Әкімшілік полиция басқармасы, Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті қылмыстық атқару инспекция бақылау бөлімінің бастығы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарманың бөлім басшысы, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті, жұмыс беруші ТОО «Интегорстрой», ГКП «Қызылорда су жүйесі», ТОО «Компания еңбек биржа», ТОО «Л-КОМ» құрылыс компанияларының басшылары қатысты.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесудің негізгі мақсаты жиналысқа шақырылған жергілікті билік органдары және басқа да құзырлы органдарының қатысуымен бұрын сотты болған азаматтардың әлеуметтік жағдайын көтеріп, еңбекпен қамту бөлімімен ұсынылған мамандықтар бойынша жұмысқа орналастыруға және таңдаған мамандықтар бойынша оқыту. Сондай-ақ, шағын несие алу жөнінде кеңестер беру үшін жолдама ұсыну, жұмыссыздардың есебіне тіркеп қою болып көзделген. Кездесу аяғында жұмыс жәрменкесі ұйымдастырылып, сол жерде бұрын сотты болған адамдар таңдаған және кәсібіне сәйкес келетін мамандықтар бойынша өз өтініштерін беріп, жолдамаларын алды.