«Бұрын сотты болғандардың қайта оңалту саласы бойынша мәселелері мен келешегі»

153

0

«Бұрын сотты болғандардың қайта оңалту саласы бойынша мәселелері мен келешегі» «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық бірлестігі «Бұрын сотты болғандардың қайта оңалту саласы бойынша мәселелері мен келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тапсырысы бойынша ұйымдастырылған шараға прокуратура, қылмыстық атқару жүйесі департаменті, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, 169/1, 169/5 түзеу мекемелері, жергілікті полиция және пробация қызметі мен «Қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы» КММ-нің өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында жиналғандар сұрақ-жауап алмасып, алдағы уақытта  осы жұмыстың деңгейін көтеру туралы ұсыныстарымен бөлісті. Өткен іс-шара бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз