Бұрынғы ҚТЛ-дар жұмысына біреулердің араласуына жол берілмейді

46

0

Бұрынғы ҚТЛ-дар жұмысына біреулердің араласуына жол берілмейді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов  бұрынғы қазақ-түрік лицейлерінің (қазіргі «Білім-инновация лицейлері») қызметіне біреулердің араласуына жол бермейтіндігіне уәде етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өздеріңіз білесіздер, еліміздің құзырлы министрлігі (ҚР БҒМ) толыққанды жауабын берген болатын. Тағы да нақтылап өтейін, қазақ-түрік лицейлері ребрендинг үдерісінен өтті. Бүгінде олар жаңа атауға ие болды, сондай-ақ өздерінің оқу бағдарламаларында Қазақстанда бекітілген бағдарламаны негізге алып отыр. Оқу орындары тиісті жергілікті атқарушы органдардың басшылығымен қызмет етуде. Атап айтқанда, Қазақстандағы білім беру мекемелерінің қызметіне біреулердің араласуына жол бермейміз», – деді Әбдірахманов Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Білім және ғылым министрлігі бұрынғы ҚТЛ-дар Түркия білім министрлігінің басқаруына өтпейтіндігін мәлімдеген болатын. 
Айта кетер жайт, «Білім-инновация лицейі» – жұртшылық арасында жоғары бедел мен құрметке ие болып отырған білім беру мекемесі. Қазақ-түрік лицейлерінің бәрі 2016 жылы «Білім-инновация лицейлері» болып қайта құрылған. 
 
 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз