БӘСЕКЕЛЕСТІК ҚАБІЛЕТТІ КӨРСЕТЕТІН ЗАМАН

56

0

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Оны көпшілік қауым ерекше ықыласпен қабылдады.
Онда «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жолдар бар. Оның астарында үлкен мағына жатыр. Әрине, біз ұлттық рухымызды қашанда ұмытпауымыз тиіс.
Сондай-ақ, қазір жан-жақты дамыған заманда бәсекелестіктің алар орны ерекше. Бұл жайында да Елбасымыз «Бәсекелестік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін» деп атап өтті.
Жалғасын табатын жарқын істердің жүзеге асуына Мемлекет басшысының жыл басындағы дәстүрлі халыққа арнаған Жолдауында айтылған Қазақстанның үшінші жаңғыруы бағдарламаларымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бағыт-бағдар болатыны сөзсіз.
 
Жандос ТҰСМАҒАНБЕТОВ,
«Самұрық» инновациялық идеяларды
дамыту орталығының директоры.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз