Әбіш Кекілбаев өмірден озды

64

0

Әбіш Кекілбаев өмірден оздыҚазақ халқы аса ауыр қайғыға душар болды. Кемеңгер тұлға, ірі қоғам қайраткері, аса дарынды жазушы Әбіш Кекілбаев өмірден озды.

Әбіш
Кекілбайұлы1939 жылы6 желтоқсанкүніМаңғыстау облысы,Маңғыстау
ауданы(бұрынғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде
туған.

1957жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып,
1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта
мектепте оқиды.

1957 жылыҚазақ Мемлекеттік
Университетініңфилология факультетіне түседі. Университетте әдебиет
бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы
курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті»газетінде қызмет атқарады.

1962-1965 жылдараралығында «Лениншіл
Жас»газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.1965-1968 жылдарыҚазКСР
Мәдениет министрлігінде,1968-1970 жылдарыКеңес
армиясыныңқатарында,1970-1975 жылдары«Қазақфильм»студиясындабас
редактор,

1975-1984 жылдарыҚазақстан КП ОКмәдениет
бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,1984-1986 жылдарыҚазКСР Мәдениет
министрініңорынбасары,1986-1988 жылдарыҚазақстан жазушылар
одағыбасқармасының 2-ші хатшысы,1989-1990 жылдарыҚазКСР тарихи және
мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа
төрағасы,1990жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.

1991жылыҚазақстан Республикасы Жоғары
КеңесініңМәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі
комитеттің төрағасы,1992-1993 жылдары«Егемен Қазақстан»газетінің бас
редакторы,1993-1995 жылдарыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік
кеңесшісі.1994-1995 жылдарыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
төрағасы, 1996-2002 жылдарыҚазақстан Республикасының Мемлекеттік
хатшысыболып істеді.

2002 жылдан бастапҚазақстан Республикасының
ПарламентіСенатыныңдепутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы
Кеңесіне екі рет,Мәжілісінебір рет баламалы негізде депутат болып
сайланады.

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ»1962жылы, «Бір шөкім бұлт»1965жылы жарық көрді.

Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы
«Дала балладалары» – Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік
болашағын танытады.1974жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы,
«Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау
түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи
танымдық баян,1982жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары
Таңдамалы екі томдық,1995жылы «Заманмен сұхбат»1998жылы «Азаттықтың
ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары,1999жылы 12 томдық
шығармалар жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң»
(1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып,Қазақ
КСР Мемлекеттік сыйлығыналды.

2001жылы шыққан «Талайғы Тараз»,2002жылы шыққан
«Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды
етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді.2009жылы «Сыр
десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік,
сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының
көптеген шығармаларыТМДхалықтары мен шетел тілдеріне аударылған.
Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының1986, Қазақстан Республикасы
Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының -1995,
«Отан» орденімен -1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі
дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады.2003жылы
«Қазақстанның Тұңғыш ПрезидентіНұрсұлтан Назарбаев» орденімен
марапатталды. Шандоз» «Аңыздың ақыры», «Үркер», «Елең-Алаң», «Конец
легенды», «Плеяды – созвездие надежды»,«Всполохи» романдары, «Бір шөкім
бұлт», «Күй», «Бәйгеторы», «Шыңырау», «Бәсеке», «Ханша дария хикаясы»,
«Құс қанаты», «Бір шоқ жиде», «Шеткері үй» повестері жарық көрді.

К.Гоццидің- «Туранбике ханшайым», А.П.Чеховтың-
«Ваня ағай», Вальехо Антонио Буэроның- «Бүгін мейрам, бүгін той»,
Генрик Ибсеннің- «Үрей», Л.Дарконың – «Сүйіктім менің, Электра!»,
У.Шекспирдің- «Ромео мен Джульетта», У.Шекспирдің-«Кориолан»,
У.Шекспирдің- «Король Лир», М.Фриштің«Ғылым қуған Дон-Жуан»
шығармаларын қазақ тіліне аударған.

Марапаттары:Қазақстанның Еңбек Ері, Отан ордені, Назарбаев ордені,
ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл медалі, ҚР Парламентіне 10 жыл медалі, Астана
қаласына 10 жыл медалі, Құрмет белгісі ордені, Достастық ордені,
Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Елбасының бейбітшілік
және рухани келісім сыйлығының иегері (1995 ж.), Қазақстанның халық
жазушысы, Маңғыстау облысының құрметті азаматы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз