ҰБТ-ға дайындыққа мән берілуде

47

0

ҰБТ-ға дайындыққа мән берілудеҚызылорда.  Қалалық білім бөлімінің мәліметі бойынша биылғы жылы Қызылорда қаласында 1707 оқушы ұлттық бірыңғай тестіне қатысады деп жоспарлануда. Соның ішінде 30 мектептен 132 оқушы «Алтын белгіге», 22 мектептен 58 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткерлер қатарында саналады.. 
Қазір қалада ҰБТ-ге дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қыркүйек  айынан бері қала мектептері бойынша орта есеппен 30 реттен сынама тесттер алынды. Облыс, қала басшылығының қолдауымен математика, қазақ тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен ҰБТ дайындығына қосымша оқу құралдары алынуда. Мұнан өзге, Жаңақорған ауданында орналасқан Қызылорда облысының олимпиадаға дайындық және қосымша білім беру орталығында 3-13 қаңтар аралығында 173 оқушыға, 20-30 наурыз аралығында 192 оқушыға  10 күн бойы ҰБТ-ге дайындық жұмыстары жүргізілді. Жалпы қалада ҰБТ-ге дайындық шараларына биылғы жылы қалалық бюджеттен 13 млн теңге бөлінді. 
«2014 жылдың 14-15 наурыз күндері Халықаралық Бизнес Университеті мен «Назарбаев білім беру қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қалалық білім бөліміне қарасты 47 мектепте, 16 наурызда  «Алтын белгі», «Үздік аттестат» үміткерлеріне  тегін сынама тестілеу өткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылатын болады» деп хабарлайды қала әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз