ҰБТ: Алғашқы күннің орташа балы – 79, 7

70

0

ҰБТ: Алғашқы күннің орташа балы - 79, 7ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінің нәтижесін жария етті.

Министрлік
ақпаратына сәйкес, ҰБТ 48 пунктте өтті. 19 743 өтініш берген түлектен
18 889 тестілеуге қатысты. 27 түлек шығарылған. 3 727 ұялы телефон, 3
894 шпаргалка, 83 калькулятор, 3 фотоаппарат, 5 рация, 12 роутер және 1
модем, барлығы: 7 725 тыйым салынған заттар тәркіленді.

Орташа балл 79, 7. 2014 жылы 76, 8. 50 балл шекті
деңгейден өте алмағандар – 3 478. 2014 жылы – 6 233. Тараз қаласындағы №
45 классикалық қазақ гимназиясының түлегі Ердосова Гүлназ Жандосқызы
125 балл жинады. 100 балдан жоғары жинағандар – 3 409. 2014 жылы 3
797», – делінген министрлік ақпаратында.

Министрліктің ҰБТ ережесін бұзушылықтың алдын алу
жөніндегі профилактикалық жұмысқа қарамастан Алматы және Оңтүстік
Қазақстан облыстарында біреудің орнына дайындаған адамдар анықталып,
олардың нәтижесі жойылды. Тестілеу нәтижесі ҰБТӨП тақтайшаларына
ілінумен қатар, ww.testcenter.kz ҰТО сайтына да енгізіледі.

ҚазАқпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз