Бөтелкелесін бауыздап өлтірген

52

0

Жуырда Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өзінің бөтелкелесін бауыздап өлтірген адамға қатысты айыптау үкімін шығарды.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, орта жастағы екі таныс біреуінің ауласында отырып арақ ішеді. Екінші бөтелкеден соң олардың арасында жанжал туып, олар бір-біріне жаман сөздер айтып, жаға ұстасып қалады. Ақырында үй егесі бөтелкелесінің артынан барып, оның басын шалқайтып, алдында жатқан нан кесіп отырған пышақты алып, мойнының күре тамырынан оң қолындағы пышағының жүзімен екі мәрте кесіп, кеңірдек шеміршегін және қан тамырларын зақымдап, «ауыр» дәрежедегі дене жарақаттарын салып, бауыздап өлтірген.
Одан әрі, өзінің қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында жәбірленушінің өлгеніне толық көзі жеткен сотталушы, ет бетімен жерде жатқан жәбірленушінің үстіндегі синтетикалық курткасын арқа тұсынан өртеп жіберіп, сонын салдарынан жәбірленушінің өлі денесінің арқа тұсынын, мойнының, сол жақ құлақ қалқанының, бөксесінің, оң жақ санының артқы бетінде орналасқан күйген жарақаттары салынған. Әрі қарай сотталушы тағыда арақ ішіп, үйіне кіріп, ұйықтап қалған.
Ағасына үйіне келген қарындасы аулада өліп жатқан адамды көріп үйге кірместен туған-туыстарына жүгіріп барып көргенін айтады. Олар жедел жәрдем, полицияға хабарлайды. Қылмыскерді ұйқысынан полиция қызметкерлері оятып алады. Сотта адам өлтіруші айыпты мойындамай, ол мас болып ұйықтап қалғанын, ал тұрған кезде қолында пышағы бар бөтелкелесі өліп жатқанын көргенін. Сосын тағы бірдене болып қалмасын деп пышақты сындырып лақтырып жібергенін, одан кейін бәле-жәле өзімен кетсін деп өлікті аластағысы келгенде абайсыздан оның курткасына от тиіп кеткенін айтты. Алайда, сараптамалардың қорытындысы бойынша сотталушының киімінде өлген адамның қаң дақтары табылған, пышақта оның саусақтарының іздері қалған, одан басқа сарапшының көрсетуі бойынша жәбірленушінің мойнындағы көлемді кесілген жарақаттар өз-өзіне салуы мүмкін еместігі, басқа адамның қолынан болғанын бекітеді.
Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерді  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96 бабының 1 бөлігімен (адам өлтіру) кінәлі деп тауып 10 (он) жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын «қатаң режимдегі түзеу колонияда» өтеуді белгіледі. Одан басқа оны маскүнемдіктен еріксіз емдеуді тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз