БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕР БІЛІМ СЫНАҒЫНА ДАЙЫН

50

0

  Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Бердәулетовтың қатысуымен брифинг болып өтті. Онда Б.Бердәулетов  ҰБТ-нің жаңа форматы, қорытынды аттестациялауды  және жазғы демалысты ұйымдастыру жұмыстарының барысы туралы  баяндады. 
   Атап айтсақ, күні кеше аймақтағы 260 орта мектепте соңғы қоңырау соғылып, мектеп қабырғасынан аттанған  6200 жас түлек өмірге жолдама алғалы отыр. Олардың арасынан 4194 бітіруші түлек ҰБТ сынағына қатысатын болады. Оқу жылының қорытындысымен, 419-ы «Алтын белгіге», ал 217-і үздік аттестатқа үміткер. 
  Биылғы жылы мектеп бітірушілер үшін бітіру емтихандары мен жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған жаңа форматтағы ҰБТ сынағы бөлек өткізілетін болады. Нақты айтқанда, барлық бітірушілер орта білім туралы аттестаталу үшін мектеп базасында қорытынды аттестаттаудан өтіп, жоғары оқу орындарында білім алуға ниет білдіргендер Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын болады.
   Жазғы демалыстың жайына келсек, облыс бойынша 1-10 сынып аралығындағы 135 714 баланың 128 960-ы, яғни 95 пайызы жазғы тынығумен қамтылатын болады. Бүгінгі таңда аймақ көлемінде 9 жазғы тынығу лагері  балаларға қызмет көрсетуге дайын. Оның 6-ы жыл бойы тұрақты жұмыс жасайды.
   Сондай-ақ брифинг барысында Б.Бердәулетов БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. 
                                                                                                            Ғ.ӘБІЛДА
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз