Бітіруші түлектерге аттестат тапсырылды

174

0

Бітіруші түлектерге аттестат тапсырылдыЖалағаш ауданындағы барлық мектептерде салтанатты түрде мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өтті.
Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектепте мектеп түлектеріне арналған салтанатты шарада аудандық білім бөлімініңсектор меңгерушісі Б.Жәнібеков, аталмыш мектептің басшысы А.Айбосыновалар сөз алып, бітіруші түлектерге «Ақ жол» тіледі. Салтанатты шара барысында мектеп мұғалімдері, ардагер ұстаздар, ата-аналар да жылы лебіздерін білдіріп, бітіруші түлектерге ақ баталарын арнады. Аталмыш мектепте, биылғы жылы 15 түлекке жалпы орта мектепті бітіру аттестаты тапсырылса, 1 оқушы «Алтын белгі»иегері атанды.
Ағымдағы жылы Жалағаш ауданы бойынша 293 бітіруші түлек болса, оның 16-ы «Алтын белгі», 7-і «Үздік аттестат» иегерлері. Бітіруші түлектерге аттестат тапсырылды
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз