Бітіруші түлектермен кездесу

71

0

Бітіруші түлектермен кездесу«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен орталықтың мәжіліс залында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын»  насихаттау мақсатында оқу орындарын бітіруші студенттермен кездесу өтті.
Кездесуге  «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филалының кеңесшісі Бағдат Жомартов, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері  Бауыржан Қыдырбекұлы, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы Нұрсұлтан Қонарбаев, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы Әйгерім Нұрпейісова, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің маманы Бағдат Искенов қатысты.
Кездесуді Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Ардақ Аукенов жүргізді. Сала мамандары аталмыш бағдарламаға аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бітіруші студент жастарды жұмысқа орналасудағы және кәсіп ашу бағытындағы мүмкіншіліктермен таныстырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз