БУХГАЛТЕРИЯДАҒЫ БЫЛЫҚТЫҢ БЕТІ АШЫЛДЫ

37

0

БУХГАЛТЕРИЯДАҒЫ БЫЛЫҚТЫҢ БЕТІ АШЫЛДЫҚызылордада қалалық білім бөлімінің орталықтандырылған бухгалтериясының бас есепшісі мен есепшісі сотталды.
    Қалалық №2 сот төрағасының міндетін атқарушы А.Сайдуллаев
мәлімдегендей, екеуі пара алғаны үшін айыпталды. Сөйтіп, Қылмыстық
кодекстің 366-бабының 3-бөлігінің 4-тармағына, ал есепшісі 28-бабының
5-бөлігі, 366-бабының 3-бөлігінің 4-тармағына қайшы әрекеттер жасаған.
Сот шешімімен мүлкіктері тәркіленіп, материалдық жауапкершілік жүктейтін
лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Және параның 50
еселенген соммасы мөлшерінде айыппұл салынды. Бұл дегеніміз –
әрқайсысына 148 миллион теңге.
    Қаладағы мектептердің 1-2 сынып оқушылары мен тұрмысы төмен
отбасылардың балаларын тамақпен қамтамасыз етуші жеке кәсіпкерлерге
қатысты да сот ісі аяқталды. Пара берді деп айыпталған 7 адам да бұдан
былай тамақ өнімдерін қамтамасыз ету қызметімен айналыса алмайды. Оларға
параның 30 еселенген сомасы мөлшерінде айыппұл салынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз