Бурабай жағажайында ақы не үшін төленеді?

48

0

Ақмола облысындағы Бурабай курортында орталық жағажайдың басқарушысы демалысқа келгендердің шағымдарына түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
Белгілі болғандай, жағажайға барған адамдар ақылы дәретхананың орнатылуына наразылық білдерген. «Демалысқа келгендер су қоймасын ластап жүргені таңғаларлық жағдай емес», – деп жазды Фейсбукте Г. Құсдәулетова есімді пайдаланушы. Оның сөзіне қарағанда, үшкүндік демалыста дәретханаға барған 10 ересек пен 5 бала 10 мың теңгеге жуық ақшасын жұмсаған. 
«Дәретханалар біздің меншік емес, оларды жалға аламыз. Сонымен қатар ондағы тазалықты қамтамасыз ету үшін тиісті шығындар бар екендігі белгілі, себебі ол жерге орталық кәріз жүйесі тартылмаған. Яғни күніне екі мәрте, ал адамдар көп келгенде үш реттен тазартамыз. Көлікті шақыртып, бір рет тазартуға 3,5 мың теңге төленеді. Оған қоса, күні бойы дәретхананың тазалығын тәртіпке келтіруші адамның бөлек еңбекақасы бар»,-дейді жағажайды басқарушы Жандос Байгенжинов. 
Айта кетейік, ересектер үшін жағажай аумағына кіру құны 1000 теңге болса, 3-тен 12 жасқа дейінгі балалар мен зейнеткерлер үшін 500 теңгеден төленеді. Үш жасқа дейінгі балалар үшін жағажай аумағына бару – тегін. Бұл бағалар соңғы үш жылда сақталып тұр. Кіру үшін бір рет жасалған төлем арқылы күні бойы жағажайдағы ағаш жатақтар мен орындықтарды тегін пайдалануға болады. 
«Іште орналасқан аттракциондар балалар үшін ақысыз екенін адамдар ескермейді, яғни осындағы батут, сырғанауға арналған төбешіктер жасақталып, катамараны бар балалар бассейні қойылған»,-деді Байгенжинов.  

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз