Құбылмалы күн райы сақталады

54

0

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 13 шілде күні Қазақстанның  басым аймағында құбылмалы күн райы сақталады, найзағаймен бірге жаңбыр күтіледі, бұршақ болуы мүмкін, кей жерлерде жел күшейіп, солтүс аймақтарда  түнде және таңертең тұман болады, қиыр оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Жауын-шашынсыз ауа райы республиканың батысында ғана болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 
Атап айтқанда, Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы күндіз 23 м/с күшейеді, жекелеген аудандарда шаңды дауыл тұрады. Ақмола, Павлодар, Солтүстік  Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артуы мүмкін, бұршақ жауады. Солтүстік-Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады. Қостанай облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман болады. 
Алматы, Қызылорда облыстарында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с екпінде жел соғып, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Сондай-ақ  Кызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.     

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз