Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру және салымшылардың депозит шығындарын өтеуді Елбасы қатаң тапсырып отыр – Б. Сапарбаев

63

0

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру және салымшылардың депозит шығындарын өтеуді Елбасы қатаң тапсырып отыр - Б. СапарбаевҚызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-Министрінің
орынбасары Бердібек Сапарбаев пен аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев
қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, кәсіпорын басшыларының
қатысуымен жиын өтті.

Үкімет басшысының орынбасары бастаған делегация
«Смолл» сауда үйіндегі тауарлар бағасымен танысты. Жібек жолы көшесінің
бойында орналасқан аталмыш сауда үйінде баға бірқалыпты. Бүгінде 232
адамды жұмыспен қамтып отыр. Сауда үйінде 21596 тауар түрі тұрғындарға
тиімді бағамен ұсынылуда. Бағаны тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік
маңызы бар деген 33 тауар түріне шектеулі баға белгіленген болатын. Бұл
бағытта сауда үйінің директоры Гүлнұр Батырханова да әлеуметтік
жауапкершілік танытып отырғандарын айтты. Осы тауарлар шектеулі бағадан
20-30 теңгеге төмен сатылуда. Сауда жасауға келген тұтынушылар да
бағаның қалыпты екенін айтып, атқарылып жатқан шараларға өз алғыстарын
білдірді. 

Мұнан соң Сыр өңірінде баға қалыптастыру мәселелері жергілікті кәсіпорын басшыларының қатысуымен өткен жиында талқыланды.

«Біз Үкімет пен Елбасының
қарапайым тұрғындарды қолдау саясатын қуаттаймыз. Мәселен, өңірде
өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандардың қатары артты. Бұл – шағын
несиенің көбірек алғанның арқасы. Бұл жұмысты жалғастыру қажет», – деді
облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Үкімет басшысының орынбасары
айтылған ұсыныстарды қолдап, Қызылорда облысында жағдай қалыпты
екендігін және даму қарқынын төмендетуге болмайтынын атап өтті.

«Бюджеттік сала қызметкерлерінің
жалақысын көтеру және салымшылардың депозит шығындарын өтеуді Елбасы
қатаң тапсырып отыр. Ең бастысы, бірлесе және заң аясында жұмыс
атқарсақ, бұл міндеттемелерді мүлтіксіз атқарамыз», – деп Б.Сапарбаев
жиынды қорытындылады.

Іссапар соңында вице-премьер 900
орындықтық мектеп пен «Атамекен» балалар ауылын аралап көріп, Қызылорда
облысының даму қарқынына оң баға берді.

Айта кетейік, Қызылорда облысы
республика бойынша әлеуметтік саланы қаржыландырудан көш бастап тұр. Жыл
ішінде құрылыс қарқыны 3,5 есе артты. Сондай-ақ, жыл ішінде 22 мектеп
пайдалануға беріліп, 2 мыңнан астам отбасы қоныс тойын тойлайтын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз