Біз жылдам көмек беруге дайынбыз!

33

0

Біз жылдам көмек беруге дайынбыз!Осындай ұранмен Қызылордада Қызыл жарты ай қорының ұйымдастыруымен бүгін қалалық мектептерде «Үздік санитарлық ұжым» конкурсы өтті. Конкурста 80-нен астам бозбалалар мен бойжеткендер қатысты. Байқауда оқушылар газ тұтқышты (противогаз) дұрыс кию, буын шығу немесе сыну кезінде жұмылдыру, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін көлікке дейін жеткізу жаттығуларын жасады.
Конкурс барысында балалар жоғары сынып оқушылары үшін әсерлі билер ұйымдастырды. Ал құтқарушылар оқушыларға авариялық-құтқару құралдарын көрсетті. Мұндай шаралардан соң оқушылар алдағы уақытта алғашқы көмек шараларын біліп жүруге септігін тигізбек.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз