Біздің ауыр атлеттердің кінәсі бұрынғыша дәлелсіз күйінде

48

0

Біздің ауыр атлеттердің кінәсі бұрынғыша дәлелсіз күйіндеБіздің ауыр атлеттердің допинг қолданды деген кінәсі бұрынғыша
дәлелсіз күйде қалуда, деп хабарлады Қазақстан Ауыр атлетика
федерациясының баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғандай,
Халықаралық ауыр атлетика федерациясының басшысы Тамаш Аян
Рио-де-Жанейродағы 2016-Олимпиада аяқталғаннан кейін Ресей, Қазақстан,
Беларусь ауыр атлетика федерациялары бір жылға жарысқа қатысу құқығынан
айырылатынын мәлім еткен болатын.

Осы мәселеге орай ҚР ААФ бас хатшысы Омар Мұстафин былай деп мәлімдеді:

– Бейжің мен Лондондағы допинг сынамаларды қайта
тексеру нәтижесі бойынша үш немесе одан көп дәлелденген жағдай болған
елдерді жарысқа қатысу құқығынан айыру шешімі осы жылғы маусымда өткен
Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Атқарушы комитетінің отырысы
барысында қабылданды. Алайда бұл шешім заңды күшіне енген жоқ. Заңды
тұрғыдан қарағанда жағдай бұрынғыша қалуда. Қайта тексерудің жаңа
толқыны күтілуде. Осы жағдайға іліккен елдер мен спортшылар саны артуда.
Бұл ретте бүгінде бұдан бұрын сынамалары оң нәтиже көрсетті деген
біздің атлеттеріміздің кінәсі әлі дәлелденген жоқ, осыған орай жарыстан
айыру құқығы ешкімге қолданылмайды. Біз жағдайды бақылауда ұстап
отырмыз. Жұртшылыққа әр заңды қадамды БАҚ арқылы жеткізіп отырамыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз