Біздің қазақ халқының мемлекеттігі өте тереңде жатыр

55

0

Біздің қазақ халқының мемлекеттігі өте тереңде жатырБіздің қазақ халқының мемлекеттігі өте тереңде жатыр, дейді Қорқыт ата
атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің тарих, құқық және
экономика факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, Астанаға
Қызылорда облысынан келген делегация мүшесі Айтжан Оразбақов.

Қазақ
хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік шара бүгін Елорданың
төріндегі Тәуелсіздік сарайынан бастау алды. Елбасының қатысуымен өткен
салтанатты шара жоғары деңгейде өтті. Астанадағы Назарбаев
Университетінде «Мәңгілік ел» тақырыбымен ғылыми-тәжірибелік конференция
өтіп, онда еліміздің белгілі тарихшы ғалымдары қазақ хандығына қатысты
тың деректермен бөлісті.

«Біздің қазақ халқының мемлекеттігі өте тереңде
жатыр. Соңғы кездері оның екі жарым мың жылдық тарихы бар екендігі
айтылып жүр. Орта ғасыр зерттеушілерінің жазбаларына қарағанда, 1465
жылға қарай құрылған қазақтар мемлекеті өзге елдерге танымал болған.
Демек, бұл бұған дейін де мемлекеттігі бар халық болдық деген сөз. Сонан
беріде бес жарым ғасыр өтіпті. Осы орайда, Қазақ хандығы дегенде
алдымен орта ғасырлардағы Сыр өңірі еске түседі. Сыр елінің орны туралы
Елбасымыздың «Сыр – Алаштың анасы» деген бағасы әрдайм есімізде тұрады.
Мұның өзі қазақ хандығындағы тарихындағы Сыр өңірінің маңыздылығын
дәлелдей түседі», – дейді А. Оразбақов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз