БЖЗҚ басқаруында өзгерістер болады

49

0

БЖЗҚ басқаруында өзгерістер болады «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-да бірқатар өзгерістер болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышевтың сөзіне сілтеме жасай отырып.
«БЖЗҚ-дағы кемшіліктерді жоямыз, ақшаны пайдалану бойынша ішкі бақылау жүйесін күшейтеміз. Алайда, ең маңыздысы бар. Қазіргі кезде адамдар арасында жинақтау жүйесіне деген күмәнмен қарау мәселесі тұр», – деді Ұлттық банк төрағасы «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында.
«Инвестиция салу моделін таңдауда бәсекелестік принциптерін қалпына келтіргендей, зейнетақы активтерін басқару институттарында солай ету керек. Қазір салымшылар алдында таңдау жоқ. Зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-ға аударылады. Зейнетақы қаржыларын басқаратын ұйымды таңдау және инвестициялық стратегия таңдау мүмкіндік қарастырылмаған. Мемлекет салымшылар үшін де барлығын өзі реттеп, тәуекелге барады. Сондықтан, біз, зейнетақы активтерін басқару функциясын жеке немесе шетелдік компанияларға беру туралы Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ұлттық банк зейнетақы активтері нарығында бәсекелестік болуын, салымшыларға таңдау ұсыну мәселесін қолдаған. Біз осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз», -деді Д.Ақышев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз