Cабина Алтынбекова қазақстандық кинода басты рөлді сомдайды

67

0

Cабина Алтынбекова қазақстандық кинода басты рөлді сомдайдыСабина Алтынбекова
қазақстандық кинода басты рөлде ойнайды. Бұл ақпарат Астана қаласында
өткен «Жыл сілкінісі» марапаттау кешінде белгілі болды, деп хабарлайды bnews.kz.

Сабина
Алтынбекова «Жыл сілкінісі» марапаттау кешінде «Халықтың сүйіктісі»
Ұлттық сыйлығының лауреаты атанды. «Like» формасында жасалған мүсін мен
арнайы дипломды Сабинаға белгілі актер Фархат Абдраимов пен кештің
ұйымдастырушысы, «Республика-Регион-Развитие» фондының президенті Ғалым
Байтүк табыстады.

«Кішігірім сырымды ашайын. Біз Фархат екеуіміз «Путь домой» атты жаңадан
фильм түсіргелі жатырмыз және сол фильмге продюсерлік етеміз. Бұл
фильмде Сабина басты рөлде ойнайды. Сонымен қатар, Фархат та басты
рөлдердің бірін сомдайды. Жоба 90 жылдардағы шетел азаматы асырап алған
қазақ баласының елге оралуы жайлы болмақ»,-деп Ғалым Байтүк фильм жайлы
қысқаша айтып кетті.

«Шынымен бұл мен үшін күтпеген және қуанышты жағдай болды. Бұл болашаққа
деген ұмтылысымды одан әрі арттырады. Сонымен қатар, бұл
қазақстандықтардың, жақындарымыздың қолдауы. Мен болашақта спортта
қалуды жоспарлап отырмын. Алға қойған мақсаттырымның бәріне жетемін
деген ойдамын»,-деп Сабина өз кезегінде ойымен бөлісті.
Сабина Алтынбекова – қазақстандық ең жас, волейболдан қыздар арасындағы
Қазақстандық Құрамада ойнайтын волейболшы. 17 жасар спортшы қыз ең
алдымен өзінің табиғи сұлу сымбатымен 19 жасқа дейінгі волейболшылар
арасындағы Азия чемпионатында қытай жұртшылығын тәнті еткен болатын.
Одан кейін оның танымалдылығы құрлық асып, АҚШ-қа да жетті. Қытайлық
жанкүйерлерінің жүрегін Сабина өзінің бойымен( 182 cм ) жаулап алды.
Қазір Сабина Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз