Цезийді тапқан қызылордалыққа 1,5 миллион теңге сыйақы берілмек

52

0

 Цезийді тапқан қызылордалыққа 1,5 миллион теңге сыйақы берілмекРадиоактивті цезийді тауып берген Қызылорда облысының 45 жастағы тұрғынына 1,5 миллион теңге сыйақы берілетін болды, деп хабарлайды 24.kz. 
«Қазпромгеофизика» компаниясы қауіптің алдын алып, іздеу жұмыстарына көмектескен азаматқа қомақты қаржыны ертең апарып бермек. Бұл туралы бүгін төтенше жағдайға байланысты Маңғыстау облысында құрылған штабтың төрағасы Әнуар Шөжеғұлов мәлімдеді. 
Мамандардың айтуынша, сыйақы туралы хабар іздестіру шараларына көмектескенін айтады. Контейнер дін аман, ашылмаған, оны Ақтауға алып қайту үшін компания өкілдері Қызылордаға ұшып кетті.
Оның Қызылорда облысына қалай тап болғаны, радиоактивті цезийді не мақсатта алғандығын қызылордалық құқық қорғаушылар анықтап жатыр. Ал Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері аса улы заттың жоғалуына айыпты азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғады. Егер олардың кінәлары дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
Әнуар Шөжеғұлов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, штаб басшысы:
– Жоғалған контейнер табылды, қауіп сейілді. Енді аймақ тұрғындары тыныш ұйықтайтын болды. 8 күн бойы тынбай іздестіру жұмыстарына атсалысқан штаб мүшелері мен құқық қорғаушыларға алғысымызды білдіреміз. Ал осы іске қол ұшын берген қызылордалық азамат тиісті сыйақысын алатын болады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз