ӘЧ: Илья Ильин – Әлемнің төрт дүркін чемпионы! (видео)

102

0

ӘЧ: Илья Ильин - Әлемнің төрт дүркін чемпионы! (видео)Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильин Алматыда өтіп жатқан ауыр
атлетикадан әлем біріншілігінде төртінші дүркін әлем чемпионы атанды.

Қоссайыста
қазақстандық атлет 432 ұпай жинап (190+142) алтын медальді былтырғы
әлем чемпионы – өзбекстандық фаворит Руслан Нуриддиновтан (193+139)
жұлып алып кетті десек артық болмас. Ильяның салмағы Нуриддиновтан аз
болып шықты.

Үшінші орынды ресейлік спортшы Давид Бенджанян 427
ұпаймен (187+240) иеленді. Айта кету керек, бүгін 105 келі санатында
ерлер арасындағы додада 4 рет әлем рекорды жаңарды.

Серпе көтеруде Нуриддинов Бенджанянның орнатқан
рекордын 239 келіге жаңартса, іле-шала Бенджанян 240 келіні еңсеріп, ол
рекордты қайта бұзды.

Әлем чемпиондарының қойған рекордын алаңға келесі шыққан Илья Ильин тас-талқан етіп, серпе көтеруде 242 келіні аспанға атты.

Сондай-ақ, Арменияның атынан шығып жатқан 17 жасар
спортшы Симон Мартиросян болса жұлқа көтеруден 183 келіні көтеріп,
жастар арасындағы әлем рекордын жаңартты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз