Чили қалың қардың астында қалды

55

0

Чили астанасы Сантьяго қаласында қар жауып, 250 мыңға жуық адам жарықсыз қалды. Бұл туралы «Би-би-си» телеарнасы хабарлады.
Табиғаттың тосын мінезінен бір адамның қаза болғаны айтылуда. Жұмысшы мұзды тазаламақ болып, далаға шыққан. Тағы екі тұрғын электр тарату желілерінің зақымдануы салдарынан зардап шекті.
Метеорологтардың айтуынша, бұл 2007 жылдан бергі Сантьягодағы «ең ауыр» қар басу жағдайы. 
Телеканал қала көшелеріне шыққан мыңдаған баланың аққала жасап, қар атысып ойнағанын көрсетуде.

Дереккөз: inform.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз