«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының аясында 5 фильм түсіріледі

66

0

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының әр қағидасын нақтылап түсіндіру үшін бес деректі фильм түсіріледі. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты. Дереккөз: kazpravda.kz

«Біз бағдарламаны тек мәтін не графика түрінде түсіндіріп қана қоймаймыз. Мысалы, 2018 жылы жас стартаперлер мен программистер жайында сериал түсіреміз. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының әр қағидасын нақтылап түсіндіру үшін бес деректі фильм шығады», – деді министр.

Ол пресс-конференциялар, брифингтер, жаңалық және сараптамалық сюжеттер арқылы нақты «цифрлар» туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейетінін атап өтті.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру процесі енді басталды. Ақпараттық жұмыста бірнеше қадам алға жылжып әрекет ету керек. Яғни нәтижені алдын ала болжамдаған абзал. Сондықтан аталған бағдарламаны бастапқы кезеңде түсіндіру және ақпараттық сүйемелдеу қорытындысына әсер етеді», – деп түйіндеді Абаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз