Cу асты балық аулаудан Қазақстанның ашық чемпионаты өтеді

58

0

15-16 шілде күндері
Қызылорда облысы, «Қамбаш» көлінде су асты балық аулаудан Қазақстан
Республикасының ашық чемпионаты өтеді. Алғашқы мәрте өткізілетін жарысқа
еліміздің барлық өңірлерінен балықшылар қатысады.

Жарыс жеке және
командалық есепте өткізіледі. Жарысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі,
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР су асты балық
аулау федерациясы ұйымдастырады.

Жекелей есепте
жеңімпаз және жүлдегер спортшылар медаль, диплом, кубоктармен марапатталса,
командалық есепте жеңімпаз атанған спортшыларға ақшалай сыйақы беріледі. Ең ірі
балық ұстаған спортшыға диплом, естелік сыйлықтар табысталады.

Салтанатты ашылуы 15
шілде сағ.9.00-де, басталуы 9.30-да.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз