«Дағдарысты қиындық деп емес, берілген мүмкіндік деп қарау керек» – Сейітқали Алшынбаев

44

0

«Дағдарысты қиындық деп емес, берілген мүмкіндік деп қарау керек» - Сейітқали Алшынбаев«Нұрай» ЖШС-нің директоры, Өңірлік кеңес төрағасы, облыстық мәслихат
депутаты Сейітқали Алшынбаев осылай дейді. Кәсіпкер
қазіргі әлемде болып жатқан экономикалық дағдарысты, еліміздегі «экономиканың
ерекше кезеңін» қиындық деп емес, берілген жаңа мүмкіндік деп қарау керек деп
есептейді.

«Біздің жас кезімізде бизнеске
үйрететін ешкім болмады, бәрін өзіміз меңгердік. Қазір мемлекет тарапынан
кәсіпкерлікті дамытуға күш салынып жатыр. Көмек жеткілікті. Түрлі мемлекеттік
бағдарламалар бар. Қаражатты да беруде. Сондай қолдау болып тұрғанда халық
тарапынан, кәсіпкерлер тарапынан үлкен белсенділік көрініп, бизнесте үлкен
қозғау болу керек. Бұл дағдарыс елдегі ысырапшылдықтың қандай кері әсері бар
екенін көрсетті. Бүгінгі күн – кез
келген азаматтың мемлекет маған не береді деп емес, мемлекетке мен не беремін
деп ойлануды қажет ететін кезеңі. Қазіргі кез – маңдайдан терді тамшылатып,
білекті сыбанып, нақты қадамдарға баратын кезең. Әрине, адам баласының қолынан
келмейтін дүние жоқ. Осындай экономикалық қиын-қыстау кезеңде жаңа мүмкіндіктер
мен тың идеяларды іске асыратын кезең келді деп есептейміз», – дейді
кәсіпкер Сейітқали Алшынбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз