“Dalatex” компаниясы – мемлекеттік бағдарлама қатысушысы

100

0

“Dalatex” компаниясы – мемлекеттік бағдарлама қатысушысы
“Dalatex” компаниясы – мемлекеттік бағдарлама қатысушысыОсыдан бір жыл бұрын «Dalatex” компаниясы ерлер жидесіншығаруды қолға алған болатын. Бүгінде көпшіліктің көзайымына айналған цех өз өнімін Қазақстанның барлық аймақтарына, тіпті Ресейге де экпспорттап отыр. «Dalatex” брэнді кең үлгіде, қынама белді және жартылай ұзындықтағы үлгімен түрлі маталар қолданылған модельдерде жиделер ұсынады. 
Фабриканың негізін қалаушысы Ділмұхамед Абизов  бизнестегі жолын 20 жыл бұрын бастаған. Кәсіпкер бизнесін дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында 14%-бен 30 млн.теңге несие рәсімдеп, оның пайыздық үстемесінің 10%-ынмемлекет қайтарымсыз негізде субсидиялауда. Компания болса тек 4%-дық үстемемен несиесін өтеп,өз шығындарын азайтуға мүмкіндік алып отыр.
Кәсіпкер бизнесін әртараптандыру үшін және саудадан өндіріске өту қадамын жасауға көп ойланып барған. Ең бастысы, нақты қадам жасау арқылы ол өзінің айналасы мен мемлекеттің үлкен көмегін сезіне алды. 
– Мен өз арманымды жүзеге асыра алғаныма қуаныштымын. Күнделікті біз 200-ден аса жиделер тігудеміз,  ал шеберлеріміз көйлектің әр түрін ұсына отырып, талғамы жоғары тұтынушылардың тапсырысын орындауда. Біздің өнімдерді тек жергілікті халық қана емес, өзге өңір тұрғындары да ұнатып, сатып алуда. Бұл біздің еңбегіміздің қайтқанының дәлелі,-  деп өз ойыменбөлісті Ділмұхамед Абызов. 
“Dalatex” компаниясы – мемлекеттік бағдарлама қатысушысы
“Dalatex” компаниясы – мемлекеттік бағдарлама қатысушысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз