«ДАМУ-АЙМАҚТАР» АЙМАҚТЫҚ БАСЫМ ЖОБАЛАРЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

55

0

2017 жылы шағын және орта бизнесті несиелендіруге 8 млрд теңге бөлініп, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ  және«АТФ Банк»АҚ арасында несиелік келісімге қол қойылды.

Кәсіпкерлерді осы бағдарламаментаныстыру мақсатында«Даму» Қорының» Қызылорда облыстық филиалымен «АТФБанк» АҚ Қызылорда филиалы бірігіп 28 маусым күні «Даму-Аймақтар» аймақтық басым жобаларды қаржыландыру бағдарламасына түсіндірме жүргізді.

Жобаның мақсаты шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлерді «Даму-Аймақтар» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен қаржыландыру  және кепілдікпен субсидия түрінде қосымша мемлекеттік қолдауға тарту.

Бағдарлама«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың Бірыңғай бағдарламасы бойынша экономиканың басым бағыттарына сәйкес келетін, жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлерді қолдауға арналған.

Шағын және орта бизнес  субъектілеріне қаржыландыру шарттары:

Несие бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылына – 14,0% (он төрт пайыз) аспайды;

Заем мөлшері 500 млн теңгеге дейін;
Несиенің мерзімі 84 айға дейін (ЕДБ қарарастырыумен);
Қолжетімділік мерзімі бір жыл;
Мақсаты: айналым капиталын толықтыру, жаңа және негізгі құралдарды жаңғырту, сатып алу.

Қатысушылар бағдарламаның шарттарымен танысып, оның ішінде жартысынан көбі осы жеңілдіктерді пайдаланып несие  алуға ниет білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз