«Даму» қорымен ынтымақтастық арта түсті

46

0

«Даму» қорымен ынтымақтастық арта түстіҚызылорда облысының әкімдігі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ облыстың шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау үшін ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде меморандумға қол қойды. Аталған құжат VІІІ «Байқоңыр Инвест» инвестициялық форумы аясында қабылданды. 
Меморандумға сәйкес 2017 жылы Қызылорда облысының әкімдігі мен «Даму» қоры Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасына қатысатын кәсіпкерлердің санын арттыру, екінші деңгейлі банктер арқылы шағын және орта бизнесті қаржыландыру бойынша атқарылған белсенді жұмысты жоспарлы жалғастыру жөнінде уағдаласты.  
– Ағымдағы жылдың мамыр айында өңірдің шағын және орта бизнесін тікелей қаржыландыруға 1,5 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда негізінен өндірістік кәсіпорындар жоспарлаған жалпы сомасы 760млн.теңгені құрайтын 27 жоба қолдау тапты. Мәселен, Қызылорда қаласында қараша айында алғаш рет жуып-тазалауға арналған сұйықтықтар өндіретін кәсіпорын іске қосылды. Кәсіпкер банктен 8,5% үстемемен жеңілдетілген несиеге қордың 50% кепілдендіруі нәтижесінде қол жеткізді, – деп хабарлады басқарушы директор – «Даму» Қорының басқарма мүшесі Ғабит Лесбеков.
Бұған дейін хабарланғандай, «Даму» қоры еліміздің барлық аймақ әкімдігімен ынтымақтастық жөнінде меморандум қабылдаған. Соның нәтижесінде облыстың нақты басым салаларына сәйкес жобаларын жүзеге асыратын кәсіпкерлерді қаржыландыру мақсатында 24 млрд. теңге бөлінген болатын. Өзара ынтымақтастық арқасында үстеме пайызды жылдық 8,5% дейін едәуір төмендетуге мүмкіндік туды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз