Дариға Назарбаева жаңа қызметке тағайындалды

71

0

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі іс-қимылы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің жаңа басшысы болып тағайындалды.
Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлайды. Дариға Назарбаева бұл қызметте Бірғаным Әйтімованы ауыстырды. Әйтімоваға істеген жұмыстары үшін алғыс айтылды делінген хабарламада.
Кіріспе сөзінде Назарбаева қоғамдық кеңестің негізгі міндеті сыртқы істер министрлігі мен азаматтық қоғам арасында тікелей байланыс орнату екенін айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз