Дарынды оқушылар сайысқа түсті

40

0

Дарынды оқушылар сайысқа түстіҚармақшы. Ауданда соңғы 3 жыл қатарынан Алматы Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен пәндік олимпиада өткізіліп келеді. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 8 пән бойынша өтетін бұл олимпиада да өткен оқу жылында 2 оқушы ректор грантын иеленіп, студент атанған болатын. Осы үрдіс биыл да жалғасын тауып, жақында №30 мектептің базасында «Ыбырай Алтынсарин-2014» олимпиадасына Қармақшы, Жалағаш аудандарының 11 сынып оқушыларынан 106 үміткер қатысты. Педагогика ғылымдарының докторы Жұмақаева Береке Дәулетханқызы ұйымдастырған бұл олимпиадасының қорытындысымен биылғы жылы да ұстаздар үмітін ақтайтын талапкерлер аз болған жоқ. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз