Даңқты Рой Джонс Қарағандыда ән шырқады – ФОТО

60

0

Қарағандыда өткен Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған XXXI бокс турнирінің ашылу салтанатына даңқты былғары қолғап шебері, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы кіші Рой Джонс қатысты.

Бұл жолы ол жанкүйерлерге ән шырқап берді. Сондай-ақ, II Жасөспірімдер арасында олимпиада чемпионы Абылай Жүсіповке былғары қолғапқа жазып қолтаңбасын қалдырды.

Сонымен қатар, турнирдің ашылу салтанатына бірқатар спорт жұлдыздары қатысты. Олардың қатарында Серік Сәпиев, Ермахан Ибраимов, Бахтияр Артаев, Илья Ильин, Ольга Шишигина, Сергей Котенколар болды.

Айта кетейік, турнир 17-21 желтоқсан аралығында өтеді. Оған Ресей, Қытай, Тәжікстан, Өзбекстан, Моңғолия және Қазақстаннан 100-ден аса боксшы қатысады.

 
ҚазАқпарат
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз