ҚДБ алты жедел жобаны қаржыландырды

44

0

Шымкенттік мұнай өңдеу зауытын жаңғырту, Астана халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын  қайта құру тәрізді жобалар қаржыландыруға ілікті. Бұл туралы «Қазақстан даму банкі» АҚ басқармасының төрағасы Болат Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады. 
«Биылғы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша 346 млрд теңге сомасынлағы 6 жоба қаржыландырылатын болды. Бұдан өзге тамақ өнеркәсібі мен мұнай өңдеу жобасы банк сараптамасының  қарауында»,-деді Болат Жәмішев. 
ҚДБ басқармасы төрағасының мәлімдеуінше, 2017 жылы 350 млрд теңге сомасы шамасында жобаларды несиелендіру жоспарлануда. «Биылғы жылы ҚДБ  Қазақстан Республикасының индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде түрлі сатыда тұрған 759,6 млрд теңге жалпы сомасындағы  12 әлеуетті жобадан қоржын дайындалған. Жалпы алғанда, көлік құрастыру, химиялық өнеркәсібі, мұнай химиясы, металлургия және құрылыс материалдарын өндіру салалары тәрізді жобаларға 312,6 млрд теңге қаржыландыру сұралған болатын»,-деді Болат Жәмішев. 
Оның айтуынша, 2017 жылы ҚДБ қызметінің бастапқы басымдылығы тәуекел менеждментін жетілдіру болмақ. Өйткені, алдағы 2018 жылы ҚЕХС енгізу жоспарланып отыр. 
Сондай-ақ,  бүгінгі таңда ҚДБ банктің ақпараттық аштықтығына аса мән беруде.  Жобалар туралы ақпараттар  мен ережелерді http://www.kdb.kz ресми сайтынан алуға болады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз