ҚДБ инвестициялық жобаларды қаржыландыру «табалдырығын» төмендетті

40

0

Қазақстан даму банкі инвестициялық жобаларды қаржыландыру «табалдырығын» 30 млн АҚШ долларына тең сомадан 7 млрд теңгеге тең мөлшерге дейін төмендетті. 
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан даму банкі» АҚ басқармасының төрағасы Болат Жәмішев хабарлады. 
 «Несие саясаты туралы Меморандумның жаңа редакциясы инвестициялық жобаларды қаржыландыру «табалдырығын» 30 млн АҚШ долларына тең сомадан 7 млрд теңгеге тең мөлшерге дейін, ал тамақ саласы үшін 30 млн АҚШ долларынан 3 млрд теңгеге дейін, экспорт операциялары үшін 5 млн АҚШ долларынан 1 млрд теңгеге дейін төмендетілгенін көрсетті»,-деді Болат Жәмішев.   
ҚДБ басқармасының төрағасы 2016 жылы банк өз жұмысын өзгерткенін де жеткізді. Жаңа курс бойынша банктің ақпараттық ашықтығына мән берілді. Бұрын қол жетпейтін ақпараттар қазіргі таңда банктің ресми http://www.kdb.kz. сайтынан толық алуға болады. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз