«Әдебиет порталының» мобильді қосымшасы іске қосылды

94

0

«Әдебиет порталы» интернет-жобасының мобильдік қосымшасы IOS және Android платформаларында әзірленіп, қолданысқа берілді. Бүгіннен бастап қосымшаны кез келген желі қолданушысы App Store немесе Play Market арқылы жүктеп алып, қажетіне жарата алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бұл мобильдік қосымша арқылы «Әдебиет порталындағы» әдеби мақалаларды, кітаптарды оқу, аудиокітаптарды тыңдау, порталдағы онлайн түрде өтіп жатқан әдеби конкурстарға қатысу бұрынғыдан да қолжетімді болмақ. Оқырман мобильдік қосымшаны өзінің смартфонына немесе планшетіне жүктеп алып кез келген жерде оқи алады. Сонымен қатар, мобильдік қосымша арқылы «Әдебиет порталына» тіркелу де недәуір жеңілдетіліп, оңтайлана түсті. Порталға тіркелген оқырман «Ашық мінбер» бөлімінде өзінің блогын ашып, онда өзі қалаған материалды орналастыра алады. Өзінде бар электронды кітапты жүктеп, басқа оқырмандармен бөлісуге де болады. Портал платформасындағы 4 мыңнан астам кітаптың ішінен өзі таңдаған кітапқа белгі қою арқылы өз блогына сақтап, жеке кітапханасын да жасақтай алады. Жеке кітапханадағы кітаптардың бір ерекшелігі – оларды оффлайн түрде, яғни интернет желісі жоқ жерде де оқуға мүмкіндік бар. Оқырман Кез келген мақаланың астына пікір қалдырып, басқа оқырмандармен ой бөлісіп, мақаланы талқылауға атсалысады. 4 мыңға жуық автордың ішінен өзіне ұнайтын авторға «Жанкүйер» болу арқылы, сол автордың парақшасын толықтыруға қолғабыс етеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз