ДЕЛЬФИЙ ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСҚАН ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

55

0

Қарашаның 1-5 аралығында Петропавл қаласында XIII ұлттық жастар Дельфий ойындары өтті. Қызылорда облысынан 5 номинация бойынша 36 жас қатысты. Нәтижесінде қызылордалықтар 6 медаль иеленіп, құрама бойынша 6-шы орыннан көрінді. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының президенті Әділ Әліқұлов мәлімдеді.
– Жалпы, облыста өткен сайысқа 200-ге жуық жас қатысты. Ал, республикада 600 өнерлі жан 18 номинация бойынша сайысқа түсті. Нәтижесінде, №6 есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Қуандық Еркебұлан ыммен əн орындап, алтын медальға қол жеткізді. Шиелі ауданы, Н.Бекежанов атындағы ауылдық мәдениет үйінің үйірме оқушысы Ташмұхамед Дильназ «халықтық орындау» номинациясы бойынша алтын медаль алды. Сондай-ақ, декоративті-қолданбалы өнерімен Әбубәкір Жанна, «Домбыра» сайысынан Кархожакова Анель, «Фортепианодан» Амангелдіұлы Нұрсұлтан күміс жүлдеге ие болды, – деді Ашық Азаматтық Қоғам» ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының президенті Әділ Әліқұлов.
Сонымен қатар, академиялық ән салу номинациясы бойынша екі қатысушыға Қазақстан опера орындаушысы А.Жылтыркөзовтың арнайы дипломы мен сыйақысы тапсырылып, барлық қатысушылар ХІІІ Ұлттық Дельфий ойындарының дипломанттары атанды.  
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз