Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

69

0

«Қазгидрометтің» хабарлауынша 11-13 қараша күндері еліміздің басым бөлігінде күн райы салқын болып, тұман түседі. Батыс және шығыс аймақтарда ауа райы құбылмалы болады.
Елімізге ауысқан антициклонның әсерінен демалыс күндері басым облыстар жауын-шашынсыз болады, бірақ ауа температурасы төмендейді.
Ал еліміздің батысы мен шығысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деп болжануда.
Түнгі және таңертең басым аймақта тұман болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз