Демократиялық дамуға түбегейлі бетбұрыс

53

0

Демократиялық дамуға түбегейлі бетбұрысӨңірлік коммуникациялар қызметінде Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, облыстық ҒСТ жетекшісі Н.Мыңжас, «Қазақстандағы орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалының жетекшісі В.Толоконников, «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ю.Ким Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуіне пікір білдірді. 
– Өздеріңізге белгілі, Президент Н.Назарбаев билік тармақтары өкілеттіктерін бөлу туралы Үндеуін жариялады. Еліміз демократиялық дамуға түбегейлі бет бұрды. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылында президенттік билік өзін-өзі ақтады деуге болады. Біздің қоғамымыздың саяси тұрақтылығы, халықтың бейбіт өмір сүріп жатқаны – Президент билігінің арқасы. Үндеуде саяси жүйені жаңалаудағы сабақтастылық ұстанымы сақталған. Ол Қазақстан қоғамының демократиялық бағытта дамуын одан әрі тереңдетуде жатыр. Бұған дейін қабылданған 5 институционалдық реформаның бесіншісінде көрсетілгендей, ашық Үкімет идеясы енді нақты іске асатын болады. Бұл да сабақтастық көрінісі. Сонымен қатар бұл жаңару Қазақстан Республикасының өркениетті саяси дамуға түбегейлі бет бұрғанын білдіреді деп ойлаймын, – деді Н.Мыңжас.
«Қазақстандағы орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалының жетекшісі В.Толоконников те бұл бастаманың ел келешегі үшін маңызды екендігін атап өтті. 
– Біз Елбасының Үндеуін зор зейін қойып тыңдадық. Тәуелсіздіктің алғашқы ширек ғасырында еліміз Президенттік басқару арқылы көп жетістікке жетті. Бүгінде бүкіл әлем бізді экономикалық дамудың даңғыл жолына түсіп, әлеуметтік тұрақтылықты ту еткен қуатты мемлекет ретінде таниды. Ең бастысы, Қазақстан 25 жылда бейбітшілік пен келісім салтанат құрған көпұлтты халықтың алтын бесігіне айналды. Кеше ғана Сирия келісімін өткізген еліміз әлем алдында өзінің бейбіт өмірді қалайтын мемлекет екендігін тағы бір мәрте танытты. Елбасы атап өткендей, қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сондықтан да мемлекет басшысы осындай қадам жасады, – деді ол. 
– Елбасының Үндеуін елі мен халқының болашағына алаңдайтын адамның ұзақ жылғы толғанысының түйіні деп қабылдадым. Мен Қазақстан республикасының азаматы ретінде бұл қадамның әр сәті таразыға тартылып, сан рет салмақталып барып қабылданғанына сенімдімін. Елімізде барлық бағдарламалар, Ұлт жоспары 100 қадам мен «Нұрлы жол» бастамалары табысты жұмыс істеуде. Бұл тарихи қадам арқылы елде Парламент пен Үкіметтің жауапкершілігі артып, қоғам одан әрі дами түседі, – деді Юрий Ким.
Шынар БЕКБАН.
Нұрболат НҰРЖАУБАЙ (сурет).
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз