Дене дайындығынан сынақ тапсырды

80

0

Өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығы әлемдегі ең қиын мамандықтардың бірі болып саналады. Жақсы дене дайындығынан, жоғары моральдық қасиеттерден және психологиялық орнықтылықтан басқа, өрт сөндіруші-құтқарушының терең кәсіби білімі болуы қажет. 

Алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, құтқару жабдығын пайдалана білу, қауіпсіздік техникасын білу, биіктікте жұмыс жасай білуі тиіс. Қызмеккердің жоғары шыдамдылығы, физикалық дайындығы болуы қажет, себебі өрт сөндірушінің стандартты құрал-жабдығының салмағының өзі 20-30 кг.  Жұмыс барысында өрт сөндірушіге ауыр салмақпен жедел қимылдау, өрт кезінде ғимараттар мен құрылыстардың жоғарғы қабатына жаяу көтерілу  қажет болуы мүмкін.

Мамандардың аталған қабілетке ие екендігін анықтау және кәсіби сабақ қорытындысы  дене дайындығын тексеру мақсатында Ғ.Мұратбаев стадионында және №1 МӨСБ оқу-жаттығу базасының аумағында Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері кәсіби сабақтың дене дайындығынан сынақ тапсырды.  Сынақ қорытындысы бойынша  комиссия мамандарға өз бағасын берді.

Қызылорда облысы ТЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз