Денешынықтыру пәнінің ұстазы балаларға би үйретеді

51

0

Денешынықтыру пәнінің ұстазы балаларға би үйретедіДене тәрбиесі мұғалімінің би үйірмесін ашқанын естуіңіз бар ма? Бұл кісі Оспанбеков Өмірзақ Нұрмағанбетұлы. Бесарық ауылының тұрғыны. 58 жастағы азамат ауылдық мектепте дене тәрбиесінен сабақ беретін жоғарғы санатты ұстаз. 
Ол Алматы қаласындағы мемлекеттік дене тәрбиесі институтын 1979 жылы «дене тәрбиесі пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Алайда қазақта «жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп емес» деген. Өмірзақ Нұрмағанбетұлының өнерге деген, оның ішінде биге деген қызығушылығы балалық шақтан бастау алса керек. Бүгінде ағамыздың биді жанына егіз еткеніне тура 35 жыл. Ауыл мектебіндегі сабағынан өзге бос уақытында өзі ашқан «Мереке- думан» би үйірмесінде дәріс беріп, жетекшілік жасайды. «Қазірде би тобында 25 – ұл, қыздар би өнерінен сабақ алады. Топтың аудандық, облыстық байқаулардан алған жетістіктері де баршылық. Биді нағыз эстетикалық және сәнді спорт түріне жатқызатын ағамыз 60-ты алқымдасада қимылы өте ширақ, әрі шапшаң қимылдайды екен» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз