Денесін қабыршақ басқан балаға ресейлік дәрігерлер көмектеспек

81

0

Денесін қабыршақ басқан балаға ресейлік дәрігерлер көмектеспекРесейлік дәрігерлер ихтиоз ауруына шалдыққан 5 жасар Жасұлан Қалмұрзаевқа көмектесуге ниетті.

Бұл туралы СТВ телеарнасына сілтеме жасап,Tengrinews.kz хабарлайды. Әзірше денесін қабыршақ басқан бала Израильде емдеу курстарынан өтіп жатыр.

Дәрігерлер Жасұланның қабылдайтын барлық ем шаралары мен оның отбасының үй жалдауына қаржы төлеуді ұсынып, балаға арнайы емдеу курсынан өтуге мүмкіндік беріп отыр. Дәрігерлер сирек кездесетін ауру туралы журналистерден естіген. Ресейлік НТВ телеарнасы ихтиоз жайлы бағдарлама түсіруге ниетті. «Бір апта бұрын маған Мәскеуден телефон арқылы хабарласты,басында мені неге іздеді дептаңғалдым. Олар: «Біз НТВ-данбыз, сіздерді әлдебір телеарнадан көріп қалып, көмектесуді ойладық. Біздің барлық профессоларымыз бен дәрігерлеріміз Жасұланға көмектесу үшін оны Мәскеуге алып келіп емдегісі келеді», – дейді денесі қабыршақтанған баланың анасы Ұлбибі Ықыласова.

Израильден келген соң баланың отбасы Мәскеуге баруды жоспарлап отыр. Жасұланның емделуіне қазақстандықтар жинап берген қаржыға оның ата-анасы израильдік дәрігерлер жазып берген дәрі-дәрмектерді сатып алмақ. Айта кетейік, жиналған ақша емдеу курсының бір аптасына ғана жетеді.

Денесін қабыршық басқан бала Қызылордада туған. Ол сегіз айынан бастап ихтиоз ауруының ең қауіпті түрімен ауырады. Ұлбибі Ықыласованың тағы екі баласы бар, олар еш ауытқусыз дүниеге келген. Баланы емдеуге күніне 10 мың теңгежұмсалып жатыр. Жасұланның сирек кездесетін ауруы туралы оның ата-анасының БАҚ арқылы қазақстандықтардан көмек сұрағанынан кейін белгілі болды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз