Денис Тен – қола жүлдегер

36

0

Денис Тен – қола жүлдегерСочи Олимпиадасында Қазақстан қоржынына тұңғыш медаль түсті. Бұл медальді мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен алды. Ол жарыста еркін бағдарлама бойынша үшінші орын алды. Д.Тен одан бір күн бұрын қысқа бағдарламада жақсы нәтиже көрсете алмай, тоғызыншы орынды місе тұтқан еді. 

Бұл біздің барлық қысқы Олимпиада ойындарынан алған жетінші жүлдеміз саналады. Оның 4-і шаңғы жарысынан түссе, бір-бірден биатлон және коньки жарысынан түскен еді. Естеріңізге сала кетелік, 1994 жылы Лиллехаммерде шаңғышы Владимир Смирнов 1 алтын, 2 күміс олжаласа, 1998 жылы Наганода ол қола медальды еншісіне жазды. Сол жылы конькимен жарыста Людмила Прокашева да мәре сызығын үшінші болып қиып, қола жүлдегер атанған болатын. Одан кейінгі 2002, 2006 жылдарда қазақстандық спортшылар ешқандай медальға қол жеткізе алған жоқ. 2010 жылы Канаданың Ванкувер қаласында өткен жарыста биатлоннан Елена Хрусталева күміске қол созды. 
Сочи Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан еркін бағдарламада  жапондық Юдзуру Ханю чемпион атанса,  канадалық Патрик Чан екінші орын алды. 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз