ДЕНСАУЛЫҚ: Ағзаны қалай тазартамыз?

60

0

ДЕНСАУЛЫҚ: Ағзаны қалай тазартамыз?АСТАНА. ҚазАқпарат – Терінің бозаруы, тез шаршау, тері қабынулары,
тітіркену әсерлері және т.б. нәрселердің басты белгілерінің бірі,
ағзаның зиян әрі улы заттармен ластануы болып табылады.

Біздің зиян
тағамдар мен фастфудтарды жеуіміз, шамадан тыс тәтті қолдануымыз, кейде
тіпті синтездік қоспалары барын да, көптеген дәрі-дәрмектері ішуіміз,
сондай-ақ жиірек кездесіп жататын артық тамақ жегеніміздің салдарынан,
ағзамыз бұндай ауыртпалықтармен өзі күресе алмай жатады. Сөйтіп біздің
ас қорыту процесіміз бұзылады, тағам қажетті түрде қорытылмайды және
қорытылмаған тамақ қалдықтары ағзада қалып, жинала береді. Қорытылмаған
өнім қалдықтарынан біздің денемізді улаушы зәрлерді бөлетін бактериялар,
ашытқылар және патогендер көбейді. ІҚЖ (ішек-қарын жолының) жағдайы
теріде қабыну немесе тітіркену әсерлері арқылы көрінеді. Біздің ағзамыз
жиі-жиі жеңіл тамақтанатын күндер мен тазалыққа зәру. Ішектерді тазалау
арқылы біз бауыр, бүйрек, өкпе сияқты мүшелерге, иммундық жүйеге түсетін
жүктемені жеңілдетеміз, бүкіл ішек-қарын жолдарының жұмысын қалыпқа
келтіреміз. Нәтижесінде ас қорыту жүйесі, заттектер алмасуы және тері
қалыпы жақсарып, ағза кейбір созылмалы ауырулардан айығады.

Біздер алдымен жейтін тағамымыздың пайдалы, сау,
таза болуын және ең маңыздысы мөлшерін қадағалауымыз керек, артық жеуден
сақтануымыз қажет.

Ағзаны қалай тазартамыз?

Патшалық пісте. Патшалық пісте (араб тілінде
«Хаббатуль мулюк») – бұл ішек-қарын жолдарын және бүкіл ағзаны, жылдар
бойы жиналып, денемізді ластайтын зиян заттардан жақсы әрі жылдам
тазартатын өсімдік құралы. Өзі кішігірім бұршақ немесе кофе дәні
іспеттес. Бұл патшалық пістені ислами дүкендерден таба аласыз. Оны
көбіне Египеттен әкеледі.

Ішек жұмыстары мен ІҚЖ бұзылып, үнемі ауырлық пен
іш қату кезінде таптырмас құрал. Гастрит және мерез кезінде сақтықпен
қолданған абзал.

  • Ағзаңыз жеңіл қорыта алатын, жеңіл диеталық тағамнан бастаңыз (көкеніс, жеміс, ботқа).
  • Пістенің 1/4 бөлігінен көп қолданбаңыз (яғни оны 4 бөлікке бөлесіз).
  • Пістені жүкті әйелдерге және балаларға қолдануға болмайды.

Шөптер. Таңертең іш жүргізетін – піштен, итжомырт
(1 ас қасығы 1 стақан қайнаған суға) қайнатпаларын қабылдаңыз. Күннің
алғашқы бөлігінде 4-6 стақан жаңа сығылған көкөніс нәрсуларын: сәбіз,
қызылша мен сәбіз, қызылша – сәбіз – қияр (барлығы бірдей мөлшерде
араластырылады) ішіңіз.

Сонымен қатар, тазару кезінде зығыр, асқабақ
дәндерін, өскін, жаңғақ және сапалы майларды (зәйтүн, күнжіт, зығыр,
асқабақ және басқа) қолданған абзал.

Ішекті тазалау. Барлық бұл жағдайларды қарапайым
судағы зығыр дәндерімен шектетуге тура келеді: 1 шай қасык зығыр дәнін 1
стақан суға қайнатып, суытамыз. Екі сағаттан кейін тұндырма дайын
болады, алайда термоста бір күн бойы ұстаған абзал. Түнде жатарда 1
стақан сүзілмеген тұндырманы дәнімен ішу керек. Тұндырма 2-3 апта
ішіледі.

Бауырды тазалау. Жарты лимон шырыны мен жарты
грейпфрут нәрсуын алып, 2 ас қасық зәйтун майымен араластырыңыз. Бұл
қоспаны 5 күн бойына таң ертен аш қарынға, тамақтан 1 сағат алдын ішу
керек. Бұл құрал өт тастарын жойып, оларды ағзадан шығаруға көмектеседі.
Бұл үрдістің жеңілдігі үшін күн бойына итмұрын қайнатпасын ішіңіз.

Бүйректерді тазалау.

Маусым кезінде қарбыз, қияр, қауынды жеңіз.

Бүйректерді шырындармен тазалауды дәрігер Н. Уокер
ұсынды. Оның айтуынша, нандағы және басқа да концентралған крахмалды
өнімдердегі органиксіз заттар (негізгісі кальций) бүйректе дәнектерді
құрайды екен. Бүйректердің саулығы мен тазалығы үшін, ол кісі мына
шырынды ішуге кеңес береді:

сәбіз – 10 (бөлік), қызылша – 3, қияр – 3;

болмаса басқа нұсқасы: сәбіз – 9, балдыркөк – 5, ақжелкен – 2.

Қызылша және қырыққабат нәрсуы. Қызылша ағза
тазалаушы ең таңдалмалы өнім болып табылады. Ол аздап іш айдайтын және
несеп айдайтын әсерге ие, ас қорытуды жеңілдетіп, ішектерден улы
заттарды шығарады. Жаңа сығылған қызылша нәрсуын ішіңіз және де
қызылшаны сорпаларға және салаттарға қосуды ұмытпаңыз. ІҚЖ және бауыры
ауыратын адамдарға қызылша нәрсуын қолдануға болмайды.

Қырыққабат нәрсуының құрамында күкірт пен йод бар,
ол екеуі қосарласып, ас қорыту мүшелерінің шырышты қабықтарын тазартады.
Сонымен қатар, қырыққабат нәрсуы ақуыз бен кальцийдың қалыптасуына
көмектесіп, жүйке жүйесінің жұмысына оң әсерін тигізеді.

Итмұрын шайы. Итмұрын жемісін ұсақтап, 2 ас қасық
ұсақталған итмұрынды 2 стақан қайнаған суға термосқа тұндырасыз. 10
сағатқа қоясыз. Сүзіп алыңыз. Күніне тамаққа 30 мин қалғанда 0,5
стақанмен 2-3 рет қабылдаңыз. Дайындалған шайды 2 тәуліктен артық
сақтамаңыз.

Сапалы түрдегі ағзаны тазарту кезінде, ағзаға зиян
болатын нәрсенің түспеуін және түскен нәрсенің ағзадан шығуын қадағалау
керек және ағзаны қажет болған заттармен және ағзаға жетіспейтін
(дәрумендер, минералдар және т.б.) нәрселермен байыту қажет.
Сонымен қатар, ас үлесіңізге қышқыл сүт өнімдерін де қосуды естен
шығармаңыз. Күніне 2 литр су ішу қажет және жоқ дегенде айына жеңіл
тамақ жейтін күн жасап тұрыңыз.

Ақпарат интернеттен алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз