«Денсаулық керуені» сапарға шықты

45

0

«Денсаулық керуені» сапарға шықтыҚызылордада «Денсаулық керуені» жұмысын бастады. Құрамында кардиолог, терапевт, психолог, тағы басқа да маман дәрігерлер қамтылған топ облыстың барлық аудандарын араламақ, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.

Дәрігерлер тобы жылдағы дәстүрге сай шалғай жатқан елді мекендерге дейін барып сондағы тұрғындардың денсаулықтарын қадағалайды. Биылғы ерекшелік бұл уақытқа дейін мамандар жас шамасы алпысқа дейінгі адамдарға ғана тексерулер мен ем-дом жүргізіп келсе, биылғы сапар барысында негізгі қадағалаулар алпыстан асқан тұрғандарға жасалады. Ақ халаттылар осылайша көмекке нағыз мұқтаж жандарға қол ұшын созбақшы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз