«Денсаулық» пойызы Арал ауданының тұрғындарына қызмет көрсетуде

67

0

«Денсаулық» пойызы Арал ауданының тұрғындарына қызмет көрсетудеАрал ауданына мамандандырылған «Денсаулық» пойзы келіп жетті.
Пойыз құрамындағы 10 дәрігер, 16 медбике мен 53 қызмет көрсетуші маманға бас дәрігер Сейілхан Артықбаев жетекшілік етуде. «Денсаулық» пойызы Сексеуіл кентінің 958 тұрғынына, оның ішінде 166 балаға сапалы медициналық көмек көрсетіп үлгерді. Ал 18 маусымнан бастап Арал ауданы Қарақұм ауылдық округі, Абай елді мекенінің тұрғындарына қызмет көрсетуде.
«Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» АҚ президенті Оралхан Кулаков бекіткен «Денсаулық» пойызының қозғалыс кестесіне сәйкес, жылжымалы құрам 30 маусымға дейін Арал ауданындағы Сапақ, Шөміш, Бекбауыл елді мекендерінің тұрғындарына медициналық көмек көрсететін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз