

«Өздеріңізге белгілі, Мемлекет басшысы биылғы өз Жолдауында барлық дәрі-дәрмектің бағасын заңды түрде реттеуді тапсырған болатын. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі осы бағытта жұмысты бастап кетті. Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне, «Кәсіпкерлік» кодексіне мүдделі мемлекеттік органдармен, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығы» ЗТБ және тағы басқа қоғамдық бірлестіктермен бірлесе өзгертулер мен толықтырулар енгізілетін болады»,-деп мекеменің өкілі журналистердің сауалына жауап берді.