Денсаулық сақтауға ден қойылды

139

0

 Денсаулық сақтауға ден қойылды  Соңғы үш жылда Қазалы ауданында 8 дәрігерлік амбулатория,3 фельдшерлік-акушерлік және 4 медициналық бекет пайдалануға берілген. Келер жылы тағы 4 дәрігерлік амбулатория салу жоспарға енгізілген.

Аудан әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, одан өзге аудандық аурухана құрылысын салу үшін құжаттарды дайындауға қаржы бөлінген. Емдеу мекемелерінің материалдық-техникалық базасы да жаңартылған. Нәтижесінде өлім көрсеткіші азайып, туу көрсеткіші өскен. Бұл туралы әкімдік мәжілісінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының Қазалы ауданы бойынша өкілі Қуаныш Әзіров мәлімдеді.
Денсаулық сақтауға ден қойылды