Департамент басшылары тағайындалды

146

0

Департамент басшылары тағайындалды

Бүгін Қызылорда облысы
әкімі Қырымбек Көшербаев актив отырысында ҚР мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша
департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған Қарымсақов Мұрат Секешұлын
таныстырды. Мұрат Секешұлы 2014 жылдың қараша айына дейін ұлттық қауіпсіздік
органдарында жауапты лауазымдарда жұмыс атқарған.

Сонымен қатар,
Қаржы  Министрлігі Мемлекеттік кірістер
Комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің
басшысы лауазымына Мұстафаев Серік Жолдасбекұлы тағайындалды. Серік
Жолдасбекұлы бұған дейін Қызылорда облысы салық комитеті төрағасының орынбасары
сияқты жауапты лауазымдарда қызмет атқарған. 
Департамент басшылары тағайындалдыБұл қызметтерді
бүгінгі күнге дейін атқарып келген Қожабаев Мақсат Аманқұлұлы мемлекеттік
қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл
облысы бойынша департаментінің басшысы, ал, Тілегенов Әлібек Балықбайұлы Қаржы
Министрлігі Мемлекеттік кірістер Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша
мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.  

Облыс әкімі елімізде
іске асырылып жатқан реформалар өңіріміздегі экономикалық қылмыстар мен
сыбайлас жемқорлықпен күресте, заң бұзушылықтарды анықтауда жаңа серпін
беретініне сенім білдіре отырып, жаңадан тағайындалған Мұрат Секешұлы мен Серік
Жолдасбекұлының қызметтеріне сәттілік тіледі. Сондай-ақ, облыс әкімі бұрынғы
департамент басшыларына Қызылорда облысының Құрметті грамоталарын табыстап,
атқарған жұмыстары үшін алғыс білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз